Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облыстық филиалында «Б» корпусына алғаш рет кіретін мемелекеттік қызметкерлерді қайта даярлау курсының соңғы кезеңі өтті.
⠀
Бұл кезеңде қатысушылар дайындалған жобалық жұмыстарын ұсынды. Жобалар ZOOM онлайн платформаса арқылы, жұмыс тобының алдында қорғалды. Барлығы алты жоба дайындалды.
⠀
Жобаның тақырыптары тыңдаушылардың кәсіби салаларымен байланысты болды. Оларды жүзеге асыру Маңғыстау облысының ауылдарын цифрландыруға, Ақтау қаласын көгалдандыруға, сонымен бірге әлеуметтік даму мен инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған. Әр жобада күрделі мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
⠀
Оқу барысында қатысқандар туындаған мәселелерді онлайн тәртіптемесі арқылы талқылауға және кеңестер алуға мүмкіндік алды. Жобаларын қорғағаннан кейін қатысушыларға электрондық куәлік табысталады.