ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалындағы кезекті Development Day – даму күні аясында «Шынайы көшбасшының адамгершілік қасиеттері» тақырыбында онлайн-сұхбат болып өтті.
Сұхбат-кездесуде:
- Шынайы көшбасшы дегеніміз кім?
- Көшбасшылық – жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының нәтижесі;
- Шынайы көшбасшыға тән адамгершілік қасиеттер көшбасшылық және басқару мәселелері;
- Ұлы ұстаздардың көшбасшылық туралы айтқан ойлары әңгіме арқауы болды.
Шараның спикерлері:
- Беккалина Қалбиби Беккаликызы – Қарақия аудандық білім бөлімі басшысы;
- Сырымов Райымбек Талғатұлы – Жаңаөзен қаласы, Рахат ауылы әкімінің орынбасары;
- Ешбаева Гаухар Жұмабайқызы – Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің бас маманы.
⠀
Аталған шараға Филиал ұжымы мен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметiне алғаш кiрген мемлекеттiк қызметшілері белсене қатысып, өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына жауап алып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
⠀
Шынайы көшбасшылық – тұлғаның рухани-адами толыққанды дамуының нәтижесі. Ал шынайы көшбасшыға тән жоғары адамгершілік қасиеттер: еліне риясыз, адал қызмет ету жолында өз жауапкершілігін жете сезініп, алға ұмтылу.
Шынайы көшбасшылардың ұлылығы бойындағы жоғары адамгершілігінде және мінсіз мінез-құлқында.