Жаңалықтар

ІЗДЕНУШІЛЕРГЕ ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ БЕРІЛДІ

Бүгін Академияның докторанттарына диплом табысталды. «6D050600 – Экономика» мамандығы бойынша білім алған Маржан Жаумитова «Қазақстан азаматтарын зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімді жолдары» тақырыбын диссертациялық жұмысына арқау етсе, «6D020200 – Халықаралық қатынастар» мамандығының докторанты Динара Айтжанова діни экстремизмге қарсы тұрудағы Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттеді. Диплом табыстау сәтінде екі ғылым докторы Академия қабырғасындағы күндері мен оқудың «инемен құдық қазғандай» сәттерін айтып, барлық ұжымға алғыстарын білдірді. Академия ректоры Ерлан Әбіл докторанттарды алған білімдерін ғылым мен тәжірибе жүзінде ұштастырып, алдағы уақытта кейінгі ізденушілерге жол сілтеп, ғылым жолына бағыттар тренер маманы ретінде көргісі келетінін жеткізді.
Академия ұжымы Маржан Жаумитованы Экономика докторы және Динара Айтжанованы Халықаралық қатынастар мамандығы бойынша доктор ғылыми дәрежесін алуымен құттықтайды!