ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалы мемлекеттік қызметкерлерге арналған өзін-өзі дамытуға және басқару қабілеттілігін ынталандыруға бағытталған 3-күндік семинар-коучингтің басталатынын хабарлайды.
⠀
Аталған семинар ZOOM-платформасы арқылы а.ж. 16-18 қыркүйек аралығында өткізіледі. Семинардың нәтижесінде қатысушылар:
⠀
Қызмет тиімділігін арттырады;
Басқарушылық дағдылар мен құзыреттерін дамытады;
Жеке жауапкершілікті, бастамашылдықты және өзін-өзі дамыту қабілетін арттырады;
Топтық жұмыстағы ынтымақтастық арқылы мінез-құлық мәдениетін қалыптастырады.
⠀
Семинар аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға 2 апталық демеу көрсетіледі.
⠀
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!