Жаңалықтар

Мемлекеттік басқару академиясының зерттеу орталығы жаһандық рейтингте

ҚР МБА-ның Қолданбалы зерттеулер және халықаралық әріптестік орталығы алғаш рет Пенсильвания университетінің «Global Go To Think Tank Index Report» атты әлемнің зерттеу және талдау орталықтарының жаһандық рейтингіне кірді және «Мемлекеттік саясатқа едәуір ықпал еткен 2020 жылғы талдау орталықтары» категориясында орын алды.

Пенсильвания университетіндегі Лаудер институтының «Ой орталықтары мен азаматтық қоғам» (TTCSP) бағдарламасы бүкіл әлемдегі үкімет пен азаматтық қоғамдағы саяси институттардың рөлі туралы зерттеулер жүргізеді. Көбінесе Think Tank деп аталатын TTCSP бағдарламасы мемлекеттік саясаттың зерттеу ұйымдарының дамып келе жатқан рөлі мен сипатын зерттейді.

TTCSP-тің мақсаты – жоғары сапалы саяси зерттеулер жүргізу және қоғам игілігі үшін танымал әрі элиталық пікірлер мен іс-әрекеттерді қалыптастыру қабілетін көрсеткен аналитикалық орталықтарды тарту және жұмылдыру арқылы институционалдық және мемлекеттік деңгейде берік серіктестік қарым-қатынасын орнату.

Жыл сайын бұл жаһандық рейтингке ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау ұйымдары кіреді, олардың арасында таяу және алыс шетелдер де бар. Рейтинг Пенсильвания университетінің профессоры Джеймс Макганн мырзаның жетекшілігімен «Аналитикалық орталықтар және азаматтық қоғам» бағдарламасы аясында жасалады және ол «ой орталықтарының» ең беделді әлемдік рейтингі болып саналады.

Номинациялаудың негізгі өлшемдері өнімділік, бедел, ұйым сарапшыларының аналитикалық материалдары, тиімді нетворк, консалтинг, мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл, мемлекеттік басқару саласында ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру және т.б. болды. Әлемдік рейтингке кіру рәсімі шамамен сегіз айға созылады және мынадай 3 кезеңнен тұрады: өтінім беру, дауыс беру және номинациялау.

https://repository.upenn.edu/cgi/viewcontent.cgi?article=1019&context=think_tanks (315 страница).

Рисунок (скрин) см. ниже: 2-я стр.