Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау филиалында мемлекеттік қызметкерлердің эмоционалды ой-өрісін дамыту бойынша 3 күндік семинар аяқталды.
⠀
Семинар барысында жаттықтырушы тыңдаушыларға эмоционалды ой-өріс (интеллект) және оның мемлекеттік басқарудағы маңызды рөлі туралы айтып берді.
⠀
Тренерлар:
⠀
Ақбердыева Балкенже Қондыбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты, профессор
⠀
Темирова Сұлу Жұмабайқызы – менеджмент магистрі, аға оқытушы
⠀
Біздің оқытушыларымыздың көп жылдық тәжірибесі бар екенін және оқытуды теория деңгейінде ғана жүргізіп қоймай, тыңдаушыларға оны практикада қолдануына көмектесетіндігін атап өткіміз келеді.
⠀
Семинар нәтижесінде қатысушылар ұжымның және жалпы ұйымның тиімді жұмысын жақсарту үшін не істеу қажет екенін білді. Эмоционалды ой-өрістің әр түрлі құралдары мен әдістерін қолдануды үйренді, эмоционалды ой-өрісті танып-білу модельдерімен танысты.
⠀
Оқу барысында тыңдаушылар туындаған мәселелерді талқылап, онлайн режимінде кеңес алу мүмкіндігін қолданды.
⠀
Семинар аяқталғанымен, тыңдаушыларға семинардан кейінгі сүйемелдеу жүргізіледі.
⠀
Тыңдаушыларға семинарға қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз және де қызмет барысында семинарда алған білімдеріңізді қолданып, биік белестерге жетуіңізге тілектеспіз!