Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды

2019 жылдың 02-20 қыркүйек аралығында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курсы аяқталды.
Курс барысында тыңдаушыларға филиалдың профессор-оқытушылары түрлі тақырыптарда тренингтер өткізсе, өңіріміздің мемлекеттік қызмет саласында басшы лауазымында жұмыс жасайтын тәжірибелі мамандар «HR менеджмент», «Өңірлік саясат: күшті аймақты қалыптастыру құралдары», «Өңірлік жобаларды жүзеге асырудағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік» тақрыптарында дәрістер оқып, мол тәжірибелерімен бөлісті.
Тыңдаушылар: «Мәдениет саласына жеке кәсіпкерлерді тарту», «Маңғыстау ауданы бойынша жазасын өтеп келген сотталушыларды нәтижелі жұмыспен қамту немесе өз-өзін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу», «Интеграция нәтижесінде цифрландыру жүйесін оңтайландыру» тақырыптарында жобаларын сәтті қорғап шықты.