2020 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы мен Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым (КҚХҰ) арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Меморандум қолданбалы зерттеу жобалары аясында Академия мен КҚХҰ арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға бағытталған.
Меморандумның аясында тараптар:
-ортақ мүддені танытатын барлық сұрақтар бойынша кеңес беруді;
-еңбек көші-қоны, техникалық көмек, шиеленістен кейінгі демобилизация және оңалту, кедейлік деңгейін төмендету, экономикалық өсімге ықпалдасу және адами әлеуетті дамытуды қолдау бойынша іс-шараларды;
-ғылыми зерттеулерді жүргізуді жүзеге асырады.
Меморандумға қол қою рәсіміне Академия ректоры Әбіл Ерлан және КҚХҰ тарапынан КҚХҰ-ның Орталық Азия бойынша миссиясының басшысы Зейнал Гаджиев қатысты.
Кездесу барысында тараптар көші-қон мәселелерін шешуде қолданбалы зерттеу жобалары шеңберіндегі ынтымақтастықтың, сондай-ақ жалпы көші-қон саясатын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.
Жемісті ынтымақтастық тілейміз!