Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысындағы филиалында кезекті Development day (Даму күні) өтті.
Онлайн-пікірталас «Парасаттылық – азаматтық қоғам құру кілті» тақырыбында өтті.

⠀
Онлайн-пікірталастың басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі міндеттерін қарастыру және студенттердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
⠀
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Айгүл Демеуова құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығын атап өтті.
⠀
Спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау департаментінің басшысы Жанназарова Нұргүл және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің Ұйымдастыру кадр және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қуаныш Аида сөз сөйледі
⠀
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жетілдіруге бағытталған тиімді шараларды әзірлеу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулік, әдістемелік, талдамалық және білім беру қызметтері саласында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Осы зерртемелер туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер орталығының басшысы Рысбекова Жанар хабарлады.
⠀
Онлайн-пікірталас барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция және әдептілік департаментінің бас маманы Мұқатай Нұргүл «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында презентациясымен таныстырды.
⠀
Іс-шара соңында қатысушылар мамандарға сұрақтар қойып, пікір алмасты.