«Парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері» тақырыбындағы тренерлерге арналған тренинг өтті.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Маңғыстау облысы бойынша департаментімен бірлестікте 11 қыркүйекте қоғамның белсенді өкілдері және ЖОО оқытушыларынан құрылған лекторлық пул мүшелеріне «Парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілері» тақырыбындағы тренерлерге арналған тренинг өтті.
Филиал директоры философия ғылымдарының докторы, профессор Айгуль Демеуова, аға оқытушы Сулу Темирова, Әсет Манов – облыстық арнайы мониторинг тобының жетекшісі, Киікбай Жақыпұлы «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің жетекшісі өз ойларымен бөлісті.
Дәрісте Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының орындалу барысы, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңесінің қызметі мен бағыттары және тағы да басқа өзекті мәселелер кең көлемде талқыланды.
Оқудан өткен пул мүшелері облыстың, қаланың басқа да мекемелеріне түсіндіру жұмыстарын әрі қарай жалғастыратын болады.