Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу» тақырыбында брифинг өтті.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының орынбасары Кайрат Байгебаев пен әкімшілік басқармасының басшысы Ербол Жумабай және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры Айгуль Демеуова спикерлер ретінде сөз сөйледі.
Брифинг барысында президенттік кадрлық резервтің мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, үміткерлерге еңбек өтілі, жасы, pkrezerv.kz сайтында тіркелу және іріктеуден өту үшін қажетті құжаттар, кезеңдерін, қатысу нысандары мен іріктеу мерзімдері бойынша қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
Сонымен қатар, іріктеу процесінің ашықтығы және жас қазақстандықтардың әлеуетін іске асыру үшін осы жобаның мүмкіндіктеріне баса назар аударылды, Маңғыстау облысының жастарын белсенді қатысуға шақырды.