Жаңалықтар

Қарақия ауданындағы жүрмелі семинар

Академияның Маңғыстау облысы бойынша филиалы Development day аясында Қарақия ауданында жүрмелі семинар өткізді.

Негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілерге командалық жұмыстың, қоғаммен өзара байланыс орнату және көпшілік алдында сөз сөйлеу қабілетін дамыту маңыздылығын түсіндіруге арналған тренингтер жүргізу арқылы

  • Ынтымақтастық
  • Парасаттылық
  • Қызметті тұтынушыға бағдарлау
  • Бастамашылық
  • Өзін-өзі дамыту

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ.

Семинарды Қарақия ауданының әкімі К.Беков пен ҚР Президенті жанындағы Мемлекетті басқару академиясының Маңғыстау филиалының директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор А.Демеуова кіріспе сөз сөйлеп ашты.

Семинарды филиалдың профессор-оқытушылары: А.Аренова – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Б.Акбердыева – филология ғылымдарының кандидаты, доцент, С.Наушина – білім магистрі жүргізді.