Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Мемлекеттік басқару Академиясының және филиалдар қызметкерлері алғыс хаттар, медальдар және мерекелік төсбелгілермен марапатталды.
⠀
Соның ішінде біздің филиалдан қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Академияның рухани және әлеуметтік дамуына қосқан үлесі үшін Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету кабинетінің профессоры Ақбердыева Балкенже Қондыбайқызына құрмет дипломы табыс етілді.
⠀
Сізді шын жүректен құттықтай отырып Сізге еңбек қызметіңізде және алдыңызға қойған мақсаттарыңызды жүзеге асыруда сәттілік тілейміз!