Бүгін филиалымызда 25 қазан – Республика күніне арналған «ТУҒАН ЕЛІМ – АЙБЫНЫМ!» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Шараның тақырыбы: мемлекеттік қызметшілер арасында Отансүйгіштік, адалдық, ұлтжандылық қасиеттерін дамыту, еліміз үшін республика күнінің маңызын, Жаңа Қазақстанды құратын өскелең ұрпағымыздың өз елін, өз жерін, өз тілі мен мәдениетін әрқашан да құрмет тұтуы сияқты біршама мәселелерге құрылды.
Шараға облыстық басқармалар мен департаменттердің бөлім басшылары, ауыл және ауылдық округ әкімдері қатысты.