Жаңалықтар

ШОҚТЫҒЫ БИІК ҰЛЫ ТҰЛҒА

«ШОҚТЫҒЫ БИІК ҰЛЫ ТҰЛҒА»
(Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл толуына орай) сұхбат-кездесу
Ел жадында ерекше сақталатын есімдер болады. Олар өзгелерден ерекшеленіп, артында өшпес із қалдырады, елге қызмет етеді, жасампаздықтың үлгілі өнегесін көрсетіп, ірі тұлға ретінде тарих бетінен айрықша орын алады. Осындай көрнекті қайраткер, өнегелі көшбасшы, шоқтығы биік ұлы тұлғалардың бірі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына биыл 110 жыл толды.

Модератор: Б.К.Акбердыева

  • Кіріспе сөз. Демеуова А.А. – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару акдемиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының директоры, ф.ғ.д., профессор
  • «Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев» туралы бейнебаян
  • Даңқты тұлға Д.А.Қонаевтың туғанына 110 жыл! Баяндама: Айболатова Бақытылы – Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы
  • Көз көргендер. Естеліктер. Қалпен Еңсегенұлы Есетов – Түпқараған ауданының Құрметті азаматы, ҚР Су көлігі саласының үздігі, Ақтау теңіз-сауда портының ардагері, Ақтау қаласы Ардагерлер кеңесінің бюро мүшесі
  • Шоқтығы биік тұлға туралы. Серікбай Құдайбергенұлы Төлетов – Маңғыстау облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы
  • Д.Қонаевтың нақыл сөздері. Жәумітбаева Мәдина Абылайқызы – Бейнеу ауданы әкімі аппараты
  • Қорытындылау: сұрақтар, пікірлер, ойталқы.
  • Тыңдаушылар: Кукекбаев Алтынбек Жұмабайұлы, Базарбаев Елтай Абайұлы Жалғанова Мейрамгүл Асқарқызы, Сәми Әділет Досанұлы өздерін толғантқан сұрақтарын қойып, пікір білдірді.