Жаңалықтар

Штаттан тыс лекторларды тарту үшін конкурс өтті

2022 жылдың 11 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында жоспар-кестеге сәйкес «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген және басшы лауазымына алғаш тағайындалған мемлекеттік қызметшілер үшін қайта даярлау курстарының және біліктілікті арттыру семинарларында сабақтар өткізу үшін штаттан тыс лектор ретінде тарту үшін конкурс өткізілді.
 
Комиссия мүшесі ретінде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Кәсіби даму институты директорының орынбасары Момынкулов Жанат Байжомаратұлы, филиал директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Демеуова Айгүл Амангелдіқызы, филиал профессоры, ф.ғ.к Ақбердыева Балкенже Қондыбайқызы, «Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету» кабинетінің м.а, менеджмент магистрі Темирова Сұлу Жұмабайқызы қатысты.
 
Комиссия мүшелеріне конкурсқа қатысушылардың құжаттары мен презентациялары ұсынылды. Конкурсқа қатысушыларға қосымша сұрақтар қойылып, жан-жақты талқыланды.