Жаңалықтар

Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының қабылданғанына биыл 25 жыл

Ел егемендігінің заңнамалық тұғыры, құқықтық қазығы Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр!
Баршаңызды осынау маңызды мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
 
Конституция – біздегі тұрақтылықтың, бейбітшіліктің және ауызбіршіліктің негізі, еліміздің демократиялық дамуының фундаменті.
Мемлекетіміздің еркіндігінің кепілі, елдігіміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры, жаңа дәуірдің кемел келбеті – Ата Заңымыз өз биігінен аласармай, ғұмыры ұзақ, тұғыры биік болғай! Бірлігіміз бекем, мемлекетіміз мәңгі жасасын!