Тыңдаушылар «Құқық қорғау қызметтері Орталығында» тәжірибелік тәлімнен өтті
Құқық қорғау қызметтері Орталығының мақсаты: адам мен азаматтың, сонымен қатар заңды тұлғалардың жеке қабылдау, өтініштерін тіркеу мен қарау, халыққа консультативтік көмек көрсету, мемлекеттік органдардың арасында азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін тиімді бөлу барысында олардың құқықтарын кедергісіз жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қызмет атқарады.
Құқық қорғау қызметтері Орталығы ақысыз негізде халыққа төмендегі қызметтерді көрсетеді:
- Жеке және заңды тұлға өкілдерін жеке қабылдау, уәкілетті органдардың құзыреті шегіндегі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау;
- уәкілетті орган басшысының жеке қабылдауына жазу;
- өтініштерді қарау барысы туралы мәліметтерді ұсыну және жауаптардың көшірмесін беру;
- шағым жобаларын және сотқа арыздарды құрастыруға көмек көрсету.
Семинар тыңдаушылары Құқық қорғау қызметтері Орталығының жұмыс тәртібімен танысып, мәліметтер алды.