Жаңалықтар

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Халықпен тиімді коммуникация»

Академия филиалы онлайн режимінде оқуды жалғастыруда. 18-22 мамыр аралығында мемлекеттік қызметшілері үшін «Халық үніне құлақ асатын мемлекет. Халықпен тиімді коммуникация» атты семинар өткізіліп жатыр.

Филиалдың профессорлық-оқытушылық құрамымен қатар, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының баспасөз хатшысы, медиа-жаттықтырушы Берлібай Ақерке және халықаралық дәрежедегі медиатор-тренер Жакупов Жандилда Әжіғалиұлы қатысты.

Тындаушыларға семинардан кейінгі қолдаудың ерекше мүмкіндігі бар, ол жерде әркім жаттықтырушыдан қосымша кеңестер ала алады, пікірлерін айта алады.