Жаңалықтар

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау. Ауылдық округті басқарудағы жобалық тәсіл

ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалында жаңадан сайланған ауылдық округ әкімдеріне арналған «Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау. Ауылдық округті басқарудағы жобалық тәсіл» тақырыбында 15 қараша – 03 желтоқсан арасында біліктілік арттыру семинары ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты: Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау, тұжырымдамалық негіздері, модельдері, құралдары және жобалық басқару бойынша мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тәжірибелік құзыреттіліктерін арттыру.
Төмендегідей тақырыптар бойынша жергілікті және орталық мемлекеттік органдардың басшылары дәріс, интерактивті пікір таластар, тренингтер өткізді:

  • «Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары: жалпыұлттық басымдықтар», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару:
    заманауи реформалар» Жумагулов Т.К. – заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы;
  • Мемлекеттік сатып алулар» Досанов А.Е – Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы;
  • «Коммуналдық меншікті басқару» Қосымбаева Д. – МО қаржы басқармасының мүлікті басқару бөлімінің басшысы;
  • Ауылдық бюджетке салық түсімдерін басқару» Бозшағұлов С.С. – Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Өндірістік емес төлемдеп, жеке тұлғаларды және арнайы салық режимдерді әкімшелендіру басқармасы уәкілетті органдармен жұмыс» бөлімінің басшысы;
  • ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормалары» Маршақұлы Ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы;
  • «Халық үніне құлақ асатын мемлекет: Тиімді коммуникациялар» Акбердыева Б.Қ – ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Маңғыстау облысы бойынша филиалының профессоры
  • Ауылдық округті басқарудағы жобалық тәсіл» Темирова С.Д. – менеджмент магистрі, аға оқытушы, ҚР ISO жүйесінің жобалық менеджмент саласындағы Ұлттық стандарттар талаптарына сәйкес IV деңгейдегі «Тренер-кеңесші».

Семинар нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін трансформациялау, тиімді іске асыру және жобалық басқару бағытында кәсіби құзыреттерін, дағдылары мен тәжірибелік құралдарын меңгереді.