Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Маңғыстау облысы бойынша филиалында «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметіне алғаш тағайындалған мемлекеттiк қызметшілері 2022 жылдың 28 наурыз – 15 сәуір аралығында өткен қайта даярлау курсы аяқталды.
Қайта даярлау курсына келген мемлекеттік қызметшілер курс нәтижесі бойынша келесідей жоба жұмыстарын қорғады:
- Damumed мобильді қосымшасына «д» есептегі науқастарды тегін дәрі-дәрмек туралы ақпараттандыру қызметін енгізу;
- Тұтынушылардың QR коды арқылы өз құқықтарын жүзеге асыруды оңтайландыру;
- EGOV бағдарламасынан қылмыстық іс бойынша анықтама алу.
Әр жобада өзекті мәселелердің аспектілері және олардың шешу жолдары айтылды.
Тыңдаушыларға сәттілік тілейміз!