Жаңалықтар

Жоба «Жақсылықты бірігіп жасайық»

«Жақсылықты бірігіп жасайық» жобасы аясында Басқұдық ауылында тұратын үш мүжәлсіз отбасына қайырымдылық жасалды.

Маңғыстау облысындағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» филиалының «Жақсылықты бірігіп жасайық» жобасы аясында әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілермен бірлесе отырып, Басқұдық ауылында тұратын үш мүжәлсіз отбасына қайырымдылық жасалды.
Оларға күнделікті тұрмыста қажетті азық-түлік түрлері жеткізілді және балаларын емдетуге қаржылай көмек көрсетілді.