Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облысы филиалының ұйымдастыруымен 25-29 сәуір аралығында өңіріміздің ауыл әкімдері және бөлім басшыларына, мамандарға ҚР СТ ISO 21500-2014 «Жобаларды басқару жөніндегі нұсқаулық» ұлттық стандартты бойынша кезекті семинар басталды.
Филиал директоры фил.ғ.д., профессор Айгул Амангелдіқызы оқуға келген тыңдаушыларға жобалық басқаруды енгізудің негізгі себептері, жобалық басқарудың артықшылықтары және т.б бойынша ақпарат берді.
Дәрісті филиал аға оқытушысы, менеджмент магистрі, Ұлттық стандарты бойынша «Тренер-кеңесші» санатының IV деңгейінің сертификатталған тренер Сулу Темирова өткізуде.
Семинарға келген тыңдаушыларға ҚР СТ ISO 21500-2014 ұлттық стандартының 1 деңгейі «Жобаның басшысы» санатын алу үшін сертификаттаудан өтуге сәттілік тілейміз!