Ел егемендігінің заңнамалық тұғыры, құқықтық қазығы Тәуелсіз Қазақстан Конституциясының қабылданғанына биыл 25 жыл толып отыр!
⠀
Баршаңызды осынау маңызды мерекелердің бірі — Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Конституция — біздегі тұрақтылықтың, бейбітшіліктің және ауызбіршіліктің негізі, еліміздің демократиялық дамуының фундаменті.
⠀
Мемлекетіміздің еркіндігінің кепілі, елдігіміздің тірегі, тәуелсіздігіміздің тұғыры, жаңа дәуірдің кемел келбеті — Ата Заңымыз өз биігінен аласармай, ғұмыры ұзақ, тұғыры биік болғай! Бірлігіміз бекем, мемлекетіміз мәңгі жасасын!